Талғардағы қанды оқиға: кішкентай қызға ота жасалып, тілі сегіз тұсынан тігілді

07.09.2025 15:44

Әлеуметтік желілерде ТКҚО қызметкері ер адамды атып, оның кішкентай қызын ұрлап кеткені туралы ақпарат тараған

Almaty.tv

Әлеуметтік желілерде ТКҚО қызметкері ер адамды атып, оның кішкентай қызын ұрлап кеткені туралы ақпарат тараған. Арнайы жасақ дер кезінде операция жүргізіп, баланы аман-есен құтқарып, анасымен қауыштырды. Күдікті ұсталды. Оқиға кезінде жарақат алған кішкентай қызға ота жасалып, тілі сегіз тұсынан тігілді. Бұл туралы адвокат Гаухар Сариева Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Балаға операция жасалды, дәрігерлер тіліне сегіз тігіс салды. Қылмыскер бүлдіршінмен бірге көлік апатына ұшырағанда, жарақаттар сол кезде болған. Ол қызға қол көтерген жоқ. Қыздың тірі қалғаны – үлкен бақыт, ол қандайда бір тылсымның күшімен аман қалды», – деп жазды Сариева.

Адвокаттың айтуынша, бүлдіршіннің анасы – медбике. Қиын сәтте ол көршісінің үйінде болып, онкологиялық науқасқа дәрі тамшылатып жатқан.

«Ол үйде болмағанына шүкір. Егер қылмыскер оны сол жерде көргенде, не боларын елестетудің өзі қиын», – деді Сариева.

Тергеу мәліметінше, күдікті мен жәбірленушінің анасы бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Жанжал кезінде ол әйелдің бауырына мылтықпен оқ атып, ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Осыдан кейін қаскөй қызды ұрлап, жасырынбақ болды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты кісі өлтіру және бала ұрлау деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Оқи отырыңыз: Алдап әкетіп, зорлық көрсеткен: 16 жастағы қызды қорлаған 2 әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды