Tallinn Trophy 2026 турнирі: қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы нешінші орын алды
Еркін бағдарлама 19 қарашада өтеді
Эстонияның Таллин қаласында мәнерлеп сырғанаудан ISU Challenger сериясына кіретін халықаралық турнир жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Жарыс аясында ерлер қысқа бағдарламасын орындады.
Қазақстандық Артур Смағұлов бұл сында 61,09 ұпай еншілеп, 11-орынға жайғасты.
Қазақстанның тағы бір өкілі Никита Кривошеев жарыстан бас тартты.
Қысқа бағдарламадан кейін италиялық Габриэле Франджипани 80,96 ұпаймен көш бастап тұр. Оңтүстік Корея өкілі Ким Хенгем (79,57) екінші орында болса, Польшаның атынан сынға түскен Владимир Самойлов (74,35) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 19 қарашада өтеді.
Оқи отырыңыз: Алматыда жалпы құны 142 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жоба қаралды