Танымал актер Мұрат Бисенбин өмірден өтті

08.01.2026 12:58

Қаралы хабарды әлеуметтік желіде оның қызы Диана хабарлады

Фото: instagram.com/murat_bissenbin

Қазақстандық танымал актер Мұрат Бисенбин өмірден озды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Актердің өлімі туралы қаралы хабарды әлеуметтік желіде оның қызы Диана хабарлады.

«Сені шексіз жақсы көремін», – деп жазды Диана өзінің жазбасында.

«Рэкетир» фильмінде Руслан ролін сомдаған Мұрат Бисенбиннің бұған дейін қатерлі ісікке шалдыққаны хабарланған болатын.

Оқи отырыңыз: Алматы маңында жантүршігерлік жол апатынан студенттер қаза тапты