Таныс қызын соққыға жыққан астаналық қамауға алынды

15.10.2024 14:42

Астана қаласының прокуратурасы денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқықбұзушылық қатарына көшкені туралы еске салады

elements.envato.com

Таныс қызын соққыға жыққан астаналық қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

27 жастағы жігіттің таныс қызын ұрып-соғуына қатысты іс сотта қаралды. Құқықбұзушының жәбірленушіге қатысты балағат сөздер айтқаны үшін бұрын әкімшілік жауапқа тартылғаны анықталды.

Сотталушы Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы "Ұрып-соғу" бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынды.

Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енді. Астана қаласының прокуратурасы денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқықбұзушылық қатарына көшкені туралы еске салады.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау - 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Оқи отырыңыз: Алматылық офтальмологтар жас жігіттің көру қабілетін қалпына келтірді