Тараз қаласында анасы екі баласын терезеден лақтырып жіберген

09.02.2026 13:58

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Depositphotos.com

Тараз қаласында анасы екі баласын терезеден лақтырып жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың біреуі 5, екіншісі 3 жаста. Көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан құлаған балалар аман қалған. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олар шұғыл ауруханаға жеткізіліп, қажетті ем-шаралар тағайындалған.

Ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Ұлттық волонтерлік желі жаңа Конституция жобасын қолдады

 

 

 

Теги: Тараз бала