Тараз перзентханасында бір күнде төрт егіз жұп дүниеге келді
Төрт егіз жұптың бір күнде дүниеге келуі - сирек кездесетін ерекше оқиға
Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығының босану блогында ерекше қуанышты оқиға тіркелді. Бір күнде төрт ана егіз босанып, сегіз сәби өмірге келді, деп хабарлайды Almaty.tv Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Төрт отбасына бір мезетте қос қуаныш сыйлаған бұл жағдай медицина ұжымы үшін де есте қаларлық сәт болды.
Ана мен баланың амандығын қамтамасыз ету жолында акушер-гинекологтер, неонатологтер, акушерлер, анестезиолог-реаниматологтер мен мейіргерлер жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытты.
Төрт егіз жұптың бір күнде дүниеге келуі - сирек кездесетін ерекше оқиға. Бұл - ата-аналар үшін шексіз бақыт, ал медицина мамандары үшін еңбектерінің жемісін көрген сәт.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 10 айда ана өлімі 32 пайыз төмендеді