Тараз тұрғындарын алдаған күдікті Ресейден елге жеткізілді

Ол уәдесін орындамай, жиналған қаражатты жеке қажетіне жұмсаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тараз тұрғындарын алдап, 100 млн теңге көлеміндегі қаражатты иемденген күдікті Ресейден елге жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас прокуратураның хабарлауынша, ол 2024–2025 жылдар аралығында өзін коммерциялық ұйымның өкілі ретінде таныстырып, жұртты инвестиция салу арқылы пайда табуға шақырған. Осылайша азаматтарды бірлескен кәсіпке тартқан. Алайда күдікті уәдесін орындамай, жиналған қаражатты жеке қажетіне жұмсапты. Енді ол жасаған қылмысы үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде Қазақстанның 6 азаматына жалпы 100 млн теңгеден астам залал келтірілген. Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Биыл тамызда күдікті Ресейде ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды», – деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейісов.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында дәмханада газ баллоны жарылып, бір азамат көз жұмды

Новости партнеров