Таразда автобус жүргізушісі мас күйінде жолаушы тасымалдаған

Depositphotos
Depositphotos

Бостандыққа шыққаннан кейін де ол көлік жүргізе алмайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ішімдік ішіп көлікке отырған тараздық автобус жүргізушісі көлік басқару құжатынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған 7 жылға дейін рөлге отыруға тыйым салынды.

Облыс орталығында №17 бағытта келе жатқан «ZHONG TONG» автобусының жүрісі полицейлердің күдігін туғызған. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып, тексеру жүргізген. Медициналық сараптама нәтижесінде 55 жастағы автобус жүргізушісінің қанында алкогольдің бары анықталды.

Автобустағы жолаушылар мен жол бойындағы басқа да жүргізушілердің өміріне қауіп төндірген азамат ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен («Көлік құралын мас күйінде басқару») жауапкершілікке тартылды.

Сот айыпталушыны 15 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды. Бостандыққа шыққаннан кейін де ол көлік жүргізе алмайды.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Береке Fest» акциясы аясында тауарлар төмен бағада сатылады

 

Новости партнеров