Қарахан дәуіріне жататын нумизматикалық жәдігерлер таныстырылды

15.08.2026 14:50

Көрмеге Қарахан мемлекеті кезеңіне жататын 104 нумизматикалық жәдігер қойылды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Халықаралық археологтар күніне орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Тараз археологиясы: Қарахан мемлекетінен қалған нумизматикалық жәдігерлер» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен хабарлағандай, көрмеге Тараз қаласындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу барысында табылған, Қарахан мемлекеті кезеңіне жататын 104 нумизматикалық жәдігер қойылды. Олардың қатарында тиындар мен басқа да археологиялық олжалар бар.

Ұсынылған жәдігерлер ортағасырлық кезеңдегі ақша айналымы мен сауда-экономикалық байланыстарды зерделеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Тараздың Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды орталықтардың бірі болғанын айғақтайды.

Музей-қорық мамандары келушілерді жәдігерлердің тарихымен, оларды зерттеу ерекшеліктерімен және өңірдің археологиялық мұрасымен таныстырды.

Оқи отырыңыз: Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Толық көрсету