Тараздағы кондитерлік зауыт өнім санын арттыруды көздеп отыр

Фабрика Австриялық және Еуропалық құрылғылармен жабдықталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда жылына 4,5 мың тонна кондитерлік өнім шығаратын зауыт жұмыс істейді. Тауарын ел нарығынан бөлек, шетелдерге де экспорттайтын компания алдағы уақытта өнім санын арттыруды көздеп отыр, деп хаьарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тараздағы кондитерлік өнімдерді өндіретін «Сәуле» фабрикасы 2017 жылы жұмысын бастаған. Бүгінде кәсіпорын 150-ден аса тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мұнда жылына 4500 тонна тәтті өндіріліп, 50-тен аса тауар түрін шығады. Ал технологиясын шетелдік мамандар жасаған.

«Кондитерлік өндіріс желісін әлемде ең үздік саналатын Австриялық тәжірибеге сүйене отырып жасадық. Ал төл рецептіміз еуропалық стандартқа сай. Өнімдеріміз концервантсыз, сондықтан балаларға еш уайымсыз беретін тауар десек қателеспейміз. Дәмі де өзге тауарлардан ерекшеленеді», – деді  «Сәуле» кондитерлік фабрикасының бас технологі Максим Лищишин

Фабрика Австриялық және Еуропалық құрылғылармен жабдықталған. «Сәуленің» тәттілерін еліміздегі кез келген дүкеннен кездестіруге болады. Өзінің спецификалық дәмінің ерекшелігімен, бағасының қолайлылығымен көзге түсетін кондитерлік өнімге сұраныс көп. Компания өз тауарын отандық нарықтан бөлек, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия мен Ресейге экспорттайды.

«Фабрикада 12 мың тонна жылына өнім шығара аламыз. Сұраныс бойынша 4,5 мың тонна шығарып сатамыз. Жоспар – зауыт жұмысын дамыту, жаңа кондитерлік өнім түрлерін қосу. Нарықты жақсы өніммен қамтамасыз ету», – деді  «Сәуле» кондитерлік фабрикасының коммерциялық директоры Диас Шаухаров.

Кондитерлік фабрика 40 пайыз шетелдік, 60 пайыз еліміздің шикізатын қолданады. Болашақта экспорт географиясын кеңейтіп, өнім мен жұмысшылар санын екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.

Нұрғиса Қаржаубай, Мейіржан Бейсебай, Тараздан

Оқи отырыңыз: Қазақстан Қырғызстанмен арадағы инвестицияны арттырмақ

Новости партнеров