Таразда әкімдіктің қос бірдей қызметкері сотталды

Олардың мемлекет теңгеріміндегі үй-жайлар бойынша деректерді жиып, алдын ала дайындалғаны белгілі болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда мемлекет мүлкін талан-таражға салып саудалаған қос әкімдік қызметкері сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі мен статисті әкімдік балансындағы 3 нысанды теңгерімнен заңсыз шығарып, базадан алып тастаған. Сөйтіп сатып алушыларды тауып, мемлекет мүлкін нарықтағы бағамен сатып жіберген. Олардың мемлекет теңгеріміндегі үй-жайлар бойынша деректерді жиып, алдын ала дайындалғаны белгілі болды. Екеуінің кінәсы толық дәлелденіп, сот олардың бірін 4 жылға, екінші сыбайласты 4 жарым жылға бостандығынан айырды.

«Сот сотталушы А.-ның бұрынғы соттылығының жоқтығын, залалдың орнын толтыруын, жүрек ауруын, ІІІ топтағы мүгедектігін, ал сотталушы К.-ның бұрынғы соттылығының болмауын, кінәні мойындауын жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды», – деді Жамбыл облыстық сотының баспасөз хатшысы Алина Райымбаева.

Оқи отырыңыз: Неке қиюға мәжбүрлеу: елімізде алғашқы қылмыстық іс тіркелді

Новости партнеров