Таразда заңсыз құрылғыларды қолдануына байланысты тіс емдеу орны жабылды

Depositphotos
Depositphotos

Егде жастағы кәсіпкер, стоматологияның иесі заңсыз құрылғылар қолданылғанын жоққа шығармады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тіс емдеу орны мемлекеттік реестрде тіркелмеген медициналық құралдарды қолданған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Егде жастағы кәсіпкер, стоматологияның иесі заңсыз құрылғылар қолданылғанын жоққа шығармады. Ол сотта өзінің кінәсін толық мойындап, кемшіліктерді жоюға уәде берді.

Әкімшілік кодекс бойынша мұндай құқықбұзушылық үшін 200 АЕК (2025 жылы – 786,4 мың теңге) көлемінде айыппұл, қызметті тоқтату және бұйымдарды тәркілеу қарастырылған.

Сот кәсіпкердің зейнет жасында екенін, кінәсін мойындағанын, өкінгенін және мұндай құқықбұзушылықты алғаш рет жасағанын ескеріп, айыппұл мөлшерін 550 мың теңгеге дейін азайтты. Дегенмен стоматология қызметі бір айға тоқтатылып, тіркелмеген медициналық бұйымдар тәркіленді.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барады

Новости партнеров