Таразда жалдамалы пәтерлердің бірінен екі әйелдің денесі табылды

08.11.2024 18:20

Қылмыс қала орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған

Таразда жалдамалы пәтерлердің бірінен екі әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қылмыс қала орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Мәйіттің бірі Тараз қаласының, екіншісі Алматы тұрғынына тән. Полицияның алдын ала мәліметінше, денеден зорлық белгілері анықталған. Аталған іс бойынша құзырлы органға кімнің хабар бергені, бақилық болғандар мен қылмыс жасағандардың немен айналысқаны жайында ақпарат әзірге жоқ. Сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр. Күдікті әзірге ұсталмаған.

"Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиға орнына облыстық Полиция департаментінің басшылығы мен жедел тергеу тобы барды. Күдіктіні анықап ұстау үшін барлық қажетті жедел тергеу іс шаралары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық процесуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды", – деді Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұқтарқұлова.

Оқи отырыңыз: Оралда 21 жастағы балықшы өлі табылды