Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, бүгін Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында депутат Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Құрылтайдың жалпы отырысында депутаттар аталған ұсынымға қолдау білдірді.
Оқи отырыңыз: Құрылтай жанынан Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады