Референдумға дейін:
21
күн
23
сағат
55
минут

Татар ғалымының еңбегінен қазақ хандары жайлы мәліметтер табылды

Мұрат Рәмзидің еңбегі 1909 жылы жарияланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Татар ғалымы Мұрат Рәмзидің 1909 жылы жарияланған еңбегінен қазақ хандары жайлы мәліметтер табылды. Бұл туралы Қолжазбатану ғылыми-зерттеу орталығының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Қолжазбатану – өзіндік маңызы бар әрі көптеген ғылым саласының бастауы. Бүгінде Орталық ғылыми кітапханаға қарасты қолжазбатану ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. Онда шығыс тілдерін жетік меңгерген ғалымдар қолжазбаларды зерттеумен айналысады.

«Қазір қолымызда зерттеу барысында қолжеткізген бір мәлімет бар. Бұл татар ғалымы 1909 жылы Мұрат Рәмзидің жариялаған еңбегінде Абылай хан, Жәңгір хан, Бөкей хан және тағы хандардың барлығы туралы қысқаша өмірбаянынан ақпарат беріледі. Қазақ атауының қайдан шыққандығы, қазақ халқының ұлт болып ұйысуындағы негізі ру-тайпалардың қандай рөл атқарғаны туралы мәлімет беріледі», – деді Қолжазбатану ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырушысы Ықтияр Палтөре.

«Қазақ тіліндегі қолжазбалар бар. Соның бірі – менің алдымдағы Құрбанғали Халидің еңбегінің қолжазбасы. Мұнда Тауари Қамса деген «Шығыстың 5 елінің тарихы» деп аталады. Енді осының көп бөлімін қазақ хандарына, қазақтың этнографиясына, қазақ тарихына арнаған», – деді тарихшы, ғалым Нұрлан Кенжеахмет

Ғалымдардың айтуынша, «Қазақстанның қолжазба мұрасы» жобасының негізгі мақсаты – рухани жәдігерлерден ұлт тарихы, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, бағалы құндылықтары жайлы мейлінше көбірек ақпарат алу. Сондай-ақ мамандар «қолжазбаларды қайта қалпына келтіру – кезек күттірмейтін келелі мәселе» дейді. Зерттеулер аяқталғаннан кейін кітаптар бүліну деңгейіне қарай реставрациядан өтеді.

«Түркия, Еуропа сынды әлемдегі реставрациялық орталықтарда кеңес бар, барлық жұмыс сол кеңесте шешіліп, реставрациялық паспортпен белгіленеді. Мысалы қолжазба кітаптар ерекше, оларды жеке-жеке, жууға тыйым салынады. Әрбір кітаптың ерекшелігібар», – деді Ғылым ордасы реставрация және консервация орталығының бас ғылыми қызметкері Дінмұхамед. Әбдірахманов.

Орталық жұмысын 2023 жылы бастаған. Қазір онда 8 маман қызмет атқарады. Реставраторлардың сөзінше, басылымдарды жаңарту – күрделі міндет. 1855 жылғы бір Құран кітапты қалпы келтіру ісі 1 жылдан бері жалғасып жатыр.

«Кітаптың әрбір парағы жапон қағазымен қалыпқа келтірілді. Блогы дәптер әдісімен тігіліп түптелді. Ендігі кезек шығыс мәтіні бойынша каптап тігіледі», – деді реставратор Бауыржан Зікір.

Құнды қолжазбаларды цифрландыру мәселесі – маңызды процестің бірі. Өйткені, қордағы рухани жәдігерлердің электронды көшірмесін жасау арқылы көпшілікке қолжетімді ету - заман талабы.

Гүлмарал Изатқызы, Думан Дәулетбақұлы

Оқи отырыңыз: Экскурсия жетекшісі – өткен мен бүгінді жалғаушы тұлға: Алматы облысында форум өтті

Новости партнеров