Тауық етінен арзан бола ма: министр киік етінің бағасы қанша болатынын айтты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Киік етін сату қолға алынғаны белгілі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында киік етінің бір килограмы неше теңгеден сатылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

— Киік етін сату қолға алынғаны белгілі. Биыл оның бағасы сиырдың немесе тауықтың етінен арзан бола ма? — деп сұрады журналист.

Айдарбек Сапаров жұмыс енді басталып жатқандықтан қазір нақты бағаны болжау қиын екенін түсіндірді.

— Жұмыс енді ғана басталды. Бұл мәселемен экология министрлігі айналысып жатыр. Біздің міндет — ет комбинаттарын қамтамасыз ету. Қазір елде 18 ет комбинаты тіркелген. Ветеринарлар да сонда жүр. Киік еті қаншаға сатылатыны, табысы қанша болатыны логистикаға, басқа да факторларға байланысты. Бір апта немесе 10 күннің ішінде қосымша нақты бағаны айтамыз деп ойлаймын.

Оқи отырыңыз: СҚО тәжірибесін кеңейту: Қазақстанда 48 жаңа сүт фермасы салынды

Новости партнеров