TAVI: Алматыда қақпақшаның көмегімен жүрекке ота жасалды

20.06.2025 15:55

Ота Қытай мен Қазақстан кардиологтарының бірлескен шеберлік сабақтары аясында өтті

Елімізде алғаш рет Қытайда жасалған соңғы үлгідегі инновациялық қақпақшаның көмегімен жүрекке ота жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биологиялық клапан ақауды ашық операциясыз емдеуге мүмкіндік береді және ағзаның анатомиялық ерекшеліктеріне бейімделеді.  Жаңа әдіс хирургиялық жолмен жасалмайды, тың технология қан тамыры арқылы орнатылады. Ота Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында өтті. Мұндай қақпақша әсіресе, ауыр қолқа стенозына шалдыққан әрі операцияның күрделі түріне төзе алмайтын науқастар үшін тиімді. Дәрігерлер жаңа тәсілмен оңалу кезеңі де едәуір қысқаратынын айтты. Ота Қытай мен Қазақстан кардиологтарының бірлескен шеберлік сабақтары аясында өтті. Екі күн ішінде 7 адамға операция сәтті жасалды.

«TAVI операциясы аз инвазивты операция болып саналады. Ашық операция  пациентке наркозбен жасалынады, реабилитациясы ұзаққа созылады. Ал TAVI операциясының саның көбейту маңызды. Себебі тез қоғамға оралуы, оңалуы тез, операция тез жасалады», – деді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ интервенциялық кардиологы Алмат Қалжанов.

Оқи отырыңыз: Елімізде «әйелдер консультациясы» бөлімшелері қайта ашылады