Таза Қазақстан: алматылық оқушылар батыр бабалардың рухына тағзым етті

16.04.2026 16:52

Олар №151 мектептің аумағында орналасқан ескерткішті тазалап, білім ордасының аумағындағы шөптерді жұлды

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің айналасына тазалық жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында батыр бабалардың рухына тағзым етуге арналған іс-шараға оқушылар мен ұстаздар, сондай-ақ Аманат партиясының өкілдері қатысты. Олар №151 мектептің аумағында орналасқан ескерткішті тазалап, білім ордасының аумағындағы шөптерді жұлды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұндай акциялар өскелең ұрпақты елін-жерін құрметтеуге және ардагерлердің ерлігін ұлықтауға үйретеді. 

«Ұлы жеңіс күні қарсаңында жыл сайын осы аумаққа келіп сенбілік жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Ескерткіштің жанын тазалап, табиғатты қорғау мақсатында ҰОС қатысқан ардагерлердің рухына тағзым етеміз»,  -қалалық мәслихаттың депутаты Гүлжан Бекенова.

Оқи отырыңыз: