Таза Қазақстан: оқушылар қалдықтардан портреттер мен кеңсе заттарын жасады
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Алматыда «Қалдықтан құндылыққа» атты экологиялық форум өтті. «Таза Қазақстан»' жалпыұлттық акциясы аясында № 174 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған іс-шарада бөтелке қақпақтарынан белгілі тұлғалардың портреттері жасалып, қайта өңделген қағаздан кеңсе заттары көрме ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сонымен қатар оқушылар табиғи өсімдіктерден дайындалған эко сабындарды таныстырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру.
«Семинардың мақсаты – балалардың бойына эко мәдениетті қалыптастыру, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының аясында экологиялық тәрбие беру», – деді Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова.
Оқи отырыңыз: Қазақстан ғылымы: жас зерттеушілерге қандай қолдау көрсетіліп жатыр