Таза Қазақстан: алматылық полицейлер 600 текше метр қоқыс шығарды

Сенбілікке 25 арнайы техника жұмылдырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тыныштықты торып қана қоймай, тазалықты да назардан тыс қалдырмай жүр. Алматылық полицейлер демалыс күні өткен жалпыаудандық сенбілікке қатысып, 600 текше метр қоқыс шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жолы тазалық жұмыстары Тоқтабаевтан Жандосовқа дейінгі аралықтағы Шалов көшесінде және Ақсай-1А шағынауданында өтті. Экологиялық науқанға қала халқы да белсенді атсалысып, шөп шапты, ағаштарды қырқып, арамшөптерді жұлды. Сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді, арықтар мен жаяу жүргіншілер жолын, тротуарлар мен жолдарды тазалады. Барлығы бұл шаруаның басы-қасында 1200-ден аса адам жүрді. Сондай-ақ 25 арнайы техника жұмылдырылған. Науқанға қатысқан тәртіп сақшылары «Таза қала – баршамыз үшін ортақ жауапкершілік екенін ұмытпауымыз керек» дейді.

«Полиция басқармасы сенбілікке атсалысып келеді.  Қазіргі уақытта 25 қызметкер сенбілікке қатысты. Алматыны таза ұстауымыз керек. Әрбір тұрғын өзінен бастауы керек. Қоқыс тастамай, таза жүрсе, қаламыз да таза болады деген сенімдемін», – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының аға лейтенанты Аманбол Алжанбай.

Оқи отырыңыз: Барахолка сауда орындарда өртке қарсы шаралар күшейтілді

Новости партнеров