Биыл қала бойынша 1500 түп ағаш егілді
Елімізде экологиялық "Таза Қазақстан" акциясы жалғасып жатыр. "Артыңда мал қалғанша, тал қалсын" деген нақыл сөзді іске асыруға ұлытаулықтар да жұмыла кіріскен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сәтбаев қаласында Орман шаруашылығы қызметкерлері күнін атап өткен тұрғындар қара ағаш, қарағай, қайың көшеттерінің 450 түбі отырғызды. Биыл қала бойынша 1500 түп ағаш егілді. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздеріне бекітілген аумақтарды тазартты. Жұмыстар алдағы уақыт жалғасын таппақ.
"Қаламызда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» акциясы аясында, сонымен қатар жыл сайынғы орман шаруашылығы қызметкерлері күні мейрамына орай орманды сақтау және жаңғырту идеясын қолдау үшін Қазақстандық ағаш отырғызу күні өтіп жатыр", – деді Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Ахмет Сыздыманов.
Оқи отырыңыз: Алматыда көріктендіру төлқұжаттары енгізілуде: кім және не үшін жауапты