Таза Өскемен: ШҚО-да бюджет қаражатын жымқырғандар анықталды

Күдіктілер қаражатты жеке кәсіпкер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, өзара бөліп алған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысында 3 адам қала көшелерін күтіп-ұстауға бөлінген бюджет қаражатынан 120 миллион теңге жымқырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Таза Өскемен» кәсіпорынының бұрынғы директоры, оның орынбасары және жеке кәсіпкер 2022-2023 жылдар аралығында жалған құжаттар арқылы ақшаны қалтаға басқан. Қаржы мониторингі агенттігінің дерегінше, ресми қағаздарда жолдарды жөндеуге битум мен құм сатып алынғаны, суды соруға арнайы техника жалданғаны, сондай-ақ бұрын орнатылған 23 аялдаманы жасауға материалдар сатып алынғаны жөнінде бұрмаланған ақпарат көрсетілген. Күдіктілер бұл қаражатты жеке кәсіпкер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, өзара бөліп алған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа олар Өскемендегі қымбат тұрғын үй кешенінен пәтер, екі автокөлік, жер учаскелерін сатып алған.

«Аталған мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды. Кәсіпорынның бұрынғы директорына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі шара қолданылды. Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Қызылордада экология талабын бұзғандарға 14,8 млрд теңге айыппұл салынды

Новости партнеров