Тазару күні: Абай ұлттық мектебінде абаттандыру жұмыстары жүргізілді

24.03.2026 14:35

Іс-шара барысында ерікті оқушылар мен мектеп ұжымы бірігіп, мектеп ауласын қоқыстан тазалады

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Абай ұлттық мектебінде «Тазару күні» аясында «Ашық жүрек» волонтерлер клубының ұйымдастыруымен ауқымды тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv 

Іс-шара барысында ерікті оқушылар мен мектеп ұжымы бірігіп, мектеп ауласын қоқыстан тазалап, жасыл аймақтарды ретке келтіріп, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты.

Аталған бастама - Абайдың «Жылы жүрек» қағидатына сай, қоғамға қызмет ету, ортаға жанашырлықпен қарау құндылықтарын дәріптеудің жарқын үлгісі болды.