Текеліде жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты

12.10.2024 14:46

Қайғылы оқиға 11 қазанда болған

Фото: Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі

Текелі қаласында жантүршігерлік жол-көлік апаты салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 11 қазанда болған.

«Текелі қаласының Әуэзов көшесінде жол-көлік оқиғасы болып, апат салдарынан 3 адам қаза тапты. Тағы 3 адам ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері әсіресе ауа райы нашарлаған кезде рөлде барынша сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.  

Оқи отырыңыз: Өртенген көліктен табылған мәйіт: Талдықорғанда күдікті қолға түсті