Almaty.TV-ның тележүргізушісі Алмат Әбдіраман «Шапағат» медалімен марапатталды.
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында мемлекеттік награданы оған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев табыстады.
Марапаттау рәсімі кезінде мәдениет саласының өкілдері де ерекше еңбегі үшін мемлекеттік наградаларға ие болды.