Әнші жарына сәнді гүл шоғын сыйға тартқан
Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Liter.kz-ке сілтеме жасап.
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова 1988 жылғы 14 сәуірде дүниеге келген.
«Жаңа жасыңмен, менің Жұлдызым, жүрегім», – деп жазды ол.
Қайрат Нұртас қонақүйде түсірілген бейнежазба жариялаған. Кадрларда оның мамыргүлдерге толы арбаны итеріп келе жатқаны көрінеді. Әнші осылайша актрисаға сәнді гүл шоғын сыйға тартқан.
Жазбаға жанкүйерлер бірден жылы пікірлерін қалдырды:
«Қымбаттыларым, бақытты болыңыздар»,
«Тамаша, бұл жұпты көрудің өзі бір қуаныш. Әрқашан бірге жарқырап жүре беріңіздер!»,
«Қандай әдемі жұп!»,
«Құттықтауымызды қабыл алыңыздар!»,
«Керемет! Әрқашан бақытты болыңыздар!», - деген жүрекжарды тілектерін білдірген.
Жұлдыз Әбдікәрімова - театр және кино актрисасы, интернетте блог жүргізеді, қоғамдық өмірден де тыс қалмайды. Ол танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың жұбайы. Ерлі-зайыптылар бес баланы тәрбиелеп отыр: Алау, Сезім, Рабия Сұлтан есімді қыздары және Нарұл мен Хан есімді ұлдары бар.
Оқи отырыңыз: Семейде қой шаруашылығының селекциялық орталығы ашылды