Теміртау қаласындағы құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты

23.04.2026 18:27

Қарағанды облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді

Теміртау қаласындағы құрылыс алаңында 3 бала тоққа түсіп қалды. Олар қоршаудың ар жағындағы допты алмақ болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сол сәтте өрендердің қолы оқшауланбаған кабельге тиіп кеткен. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен балалардың мединалық мекемеге жеткізілгенін мәлімдеді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр және тұрақты деп бағалап отыр. Ал Қарағанды облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Теміртау қаласында кәмелеттік жасқа толмаған 3 баланың тоққа түсу дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Салғырттық» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр», – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Оқи отырыңыз: Сарбаз өлімі: әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу аяқталды