Теміртауда жолаушылар автобусы ағашқа соғылды: жүргізуші қаза тапты

16.11.2026 18:48

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Қарағанды облысының Теміртау қаласында жолаушылар автобусы ағашқа соғылып, жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, 64 жастағы жүргізушінің денсаулығы күрт нашарлап, есінен танып қалған. Соның салдарынан автобус басқарудан шығып, жол жиегіндегі ағашқа соғылған, деп хабарлайды Almaty TV.

Теміртау қалалық полиция басқармасы бөлім бастығы Талғат Оспановтың айтуынша, автобус салонында шамамен 15 жолаушы болған. Абырой болғанда, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Аталған дерек полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Толық көрсету