Тең қоғам: Алматыда 500-ге жуық адам жұмыспен қамтылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандар кәсіби тұрғыдан дамып, білім алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мүмкіндігі шектеулі жандар да қоғамға етене араласып, өз еңбегімен ақша тауып, кәсіби тұрғыдан даму құқығына ие. Мұндай мүмкіндікті Алматыдағы "Тең қоғам" орталығы ұсынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұнда келгендер тігін тігіп, сурет салып, тіл үйренуге бейім. Сондай-ақ оңалту орнында өзара қарым-қатынас орнатып, эмоция алмасуға да мүмкіндік бар. Аталған орталықтағы бүгінгі іс-шара аясында осындай жаңашылдықтар талқыға түсіп, атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

"Бізде 489 адам қызметпен қамтылды. Соның ішінде 12 адам қылқаламмен жұмыс істеуді үйренді. Кескіндеме үйірмесінің өзіндік дағдыларын да меңгере алды. Азаматтарымыздың пайда таба алатынын да айтқым келеді. Көрмеге қойылған әр затты орталыққа келгендержасаған. Аз да болса, көмек көрсете алғанымызға қуаныштымыз!" – деді  «Тең қоғам» орталығының басшысы Толқын Сәметова.

"Тең Қоғам" арқылы тігін цехына келдім. Тігін цехынан үстімдегі көйлегімді тіктім. Сөмке тігіп үйрендік", – деді қала тұрғыны Күлән Естаева.

Оқи отырыңыз: Адал еңбек абыройға бөлейді - өрт сөндіруші

Новости партнеров