The Planet of ART: Алматыда халықаралық гала-концерт өтті

04.11.2025 20:45

Кеште 18 елден келген 12 мен 18 жас аралығындағы 40 жас талант өнер көрсетті

Алматыда Қазақстандық ЮНЕСКО клубтары федерациясының ұйымдастыруымен «The Planet of ART» халықаралық гала-концерті өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеште 18 елден келген 12 мен 18 жас аралығындағы 40 жас талант өнер көрсетті. Олар вокал, аспаптық және хореографиялық бағыттарда шеберлігін байқатып, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен көрерменді тәнті етті. Концертте Абай Құнанбайұлының, Нұрғиса Тілендиевтің, Петр Чайковскийдің туындылары орындалды.

Айта кетейік, халықаралық жастар фестивалі 20 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келеді.

«Жобада ән орындаймын. Фестиваль үлкен тәжірибе болды. Жаңа достармен танысып, керемет атмосфера көңіл шаттанды», – деді жобаға қатысушы Шамшырақ Қадыржан.

«Байқау екі жылда бір рет өтеді. Басында тек қазақстандық қатысушылар үшін жасаған іс-шара еді. Қазір дүниежүзілік шараға айналды. Биыл бізге 18 елден қатысушылар келіп отыр», – деді Дүниежүзілік және Қазақстандық Юнеско клубтары федерациясының президенті Болат Ақшолақов.

Оқи отырыңыз: Халық қатысатын бюджет: Алмалы ауданында барлық жоба жүзеге асырылды