Тіл шебері: Алматыда дәстүрлі қалалық байқауы өтті

08.11.2024 15:13

Қаланың барлық ауданынан келген 20-дан аса қатысушы сынға түсті

Алматыда 16-35 жас аралығындағы қатысушылар бақ сынаған "Тіл шебері" дәстүрлі қалалық байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төрт кезең бойы жастар салт-дәстүр, ел мен жер тарихына қатысты сұрақтарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жауап беріп, өнерін  ортаға салды. Тіл меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеп, тіл мәдениетін жетілдіруді мақсат еткен бәсекеге қаланың барлық ауданынан келген 20-дан аса қатысушы сынға түсті. Үздік деп танылған жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар мен арнайы марапаттарға ие болды.

"Байқаудың мақсаты – жастарды бәсекеге қабілетті етіп қалыптастыру.  Үш тілді меңгерген жастар болашақта қызмет етеді. Байқауға қазылық ету үшін жоғары білікті кәсіби мамандарды шақырылды", – деді қала әкімі аппараты Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет.

Оқи отырыңыз: Алтай-Алатау арасы: Ақсұңқар Ақынбабаның шығармашылық кеші өтті