Тіс еміне зейнетақыны жұмсауға тыйым азаматтардың құқығын бұзады – депутат

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек Денсаулық сақтау министрлігінің зейнетақы жинақтарынан артылған соманы стоматологиялық қызметтерге төлеу мүмкіндігін алып тастау бастамасына пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, бұл ұсыныс кейбір алаяқтық және мақсатсыз пайдалану жағдайларымен байланысты. Алайда депутат мұндай заңбұзушылықтарға қарсы күрес азаматтардың құқығын шектеу арқылы емес, қылмыстық істер қозғау арқылы жүргізілуі керек екенін айтты.

"Тіс емдеу сылтауымен ақшаны шығарып алу фактілері бар. Менде бірнеше миллиард теңге заңсыз шешілгені туралы «Отбасы банкінің» мәліметтері бар. Енді осы тәжірибені мүлдем тоқтатқысы келеді. Бұл дұрыс емес. Қылмыстық іс қозғаңыздар, кінәлілерді жауапқа тартыңыздар. Мұндай іспен айналысқан стоматология клиникаларын тексеріп, лицензиясын қайтарып, мекемелерін жабу қажет", – деді Бақытжан Базарбек Мәжіліс кулуарында.

Сонымен бірге депутат азаматтардың зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалану құқығы сақталуы қажет екенін айтты.

Айта кетейік, тіс емдеуге зейнетақыдан ақша алу жиі теріс пайдаланылғандықтан, Денсаулық сақтау министрлігі бұл мүмкіндікті алып тастады. Өйткені министрлік өкілдері талдау жүргізген. Соңғы төрт жылда тіс емдеуге 26 мың өтінім түскен. Оған зейнетақы қорынан 757 млрд теңге аударылған. Соның 200 млрд теңгесін ат төбеліндей 20 стоматологиялық клиника алған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: Алматыда туристік қызметтердің рекордтық өсімі тіркелді

 

Новости партнеров