Тоқаев қай өңірлерде театр салынатынын айтты

Almaty.tv
Almaty.tv

Қызылордада жаңа драма театр мен заманауи кітапхана ғимараты салынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада жаңа драма театр мен заманауи кітапхана ғимараты салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Стратегиялық бағдарламаның бірі – мәдениет пен өнер. Себебі қоғамның санасы жаңғырмаса реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл ақиқат. Сондықтан біз руханият мәселелеріне айрықша мән береміз. Бұл салада бұрын-соңды болмаған ауқымды шаруалар қолға алынады. Атап айтқанда, Алматы облысында Қазақ драма театры, Абай, Ақтөбе облыстарында театрлар бойы көтереді. Шымкенте де Опера және балет театрының құрылысы басталмақ. Биыл М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ашылғанына 100 жыл толды. Осыған орай театр ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысы аяқталмақ. Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры да жаңғыртылады. Бұдан бөлек, 2 жылдың ішінде 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев музей ісін дамыту да маңызды міндеттің бірі екенін айтты.

"Осы ретте Қызылордада ашылған жаңа тарихи өлкетану музейін ерекше атап өткім келеді. Мен күзде қалаға жұмыс сапармен келгенде музейді аралап көрдім. Заман талабына сай салынған орталықта музей ісін ұйымдастырудың тың тәсілдері қолданылған. Бұл тәжірибені басқа облыстарға үлгі етуге болады. Қызылордада жаңа драма театр салу жоспарымызда бар. Биыл құрылысты бастауымыз керек. Өткен сапарымда облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездескен кезде замануи кітапхана салу керек деп айттым. Енді бұл құрылыс биылдан бастап жүргізіледі", - деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы: Аралды құтқару – барша адамзат үшін әлі де өте өзекті міндет

 

Новости партнеров