Қарағандыда 3 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

10.04.2026 20:31

Қарағандыда 1 аптаның ішінде 3 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кеншілер шаһарында рейдтік жұмыстар күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. Демалыс күні 800-ге тарта жол жүру ережесін бұзу дерегі тіркеліпті. Олардың арасында ішімдік ішкен күйі көлік айдаған 17 жүргізуші бар. Бұған қоса, темір тұлпар тізгіндеу құқығынан айырылған, жалған нөмір пайдаланған, қарсы жолаққа шыққан 20-ға жуық адам жазаланды.

Ал облыс аумағында «Тоқта – құқықбұзушылық» атты ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасы қолға алынды. Оған жергілікті тәртіп сақшыларынан бөлек, Ақмола облысы мен Астанадан келген арнайы экипаждар да жұмылдырылған.

«ІІМ жоспары бойынша Астана ПД жеке құрамы және Ақмола облысының ПД жеке құрамы қосылып жатыр. Заңдылық пен тәртіп қағидатына байланысты біздің бірінші мақсатымыз – ешқандай құқық бұзушылық пен жол апатын болдырмау», – деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Оқи отырыңыз: Заңсыз қуылдық: бұрынғы полиция қызметкерлері әділдікті талап етуде