Актрисаның ашық сыры: Әсел Сәдуақасова оқырмандарының сұрақтарына жауап берді

09.04.2026 14:49
instagram.com/asselsadvakassova

Ұзақ уақыт бойы Бали аралында тұрып жатқан актриса Әсел Сәдуақасова желідегі ер азаматтарға «тосын сый» жасады. Оқырмандарымен болған «сұрақ-жауап» айдарында ол өз айналасындағы ер адамдарға қойылатын қатаң талаптарды ашық айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Сәдуақасованың айтуынша, оны ендігі жерде құрғақ айбын мен «бос» маскулиндік қызықтырмайды. Актриса міндетті қасиеттердің көш басына эмоционалды интеллект, жомарттық пен терең білімді қойды.

Өнер иесі ер азаматқа тән «ерлік» ұғымына өзінше сипаттама берді: оның пайымдауынша, бұл дөрекі күш емес, керісінше — кез келген қиын сәтте тектілік пен мәрттікті, жеңілдік пен еркіндікті сақтай білу қабілеті. Қиындық туғанда есеңгіреп қалатындарды Сәдуақасова қасынан көргісі келмейтінін кесіп айтты.

Жеке өмірдегі идеалдарынан бөлек, жұлдыз аралдағы өмірінің аяқталып қалғанын да растады. Анасымен болған маңызды әңгімеден кейін, Әсел туған жерін қатты сағынғанын және жақын арада Қазақстанға оралуға дайындалып жатқанын жеткізді.

«Дәл кеше ғана анаммен осы жайында сөйлескен едік. Елді қатты сағындым, сондықтан жақын арада оралып қалармын деп ойлаймын», — деді Әсел Сәдуақасова.