Төрехан Асанхан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

12.08.2026 10:36

Ол жас жеткіншектер арасында екінші орын алды

AWF

Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде түсті, деп хабарлайды Almaty.tv Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 

Төрехан Асанхан 70 келіге дейінгі салмақта жас жеткіншектер арасында екінші орын алды.

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 269 (119+150) келіні еңсерді.

Таиланд өкілі Витчая Пратхумта алтын жүлдеге ие болды - 273 (119+154) келі.

Иран спортшысы Реза Замани үздік үштікті түйіндеді - 268 (122+146) келі.  

Оқи отырыңыз: Еліміздің бес өңірінде бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары ашылады

Толық көрсету