Төрт айда негізгі капиталға 4,9 трлн теңге инвестиция салынды

Сарапшылардың айтуынша, мұндай оң көрсеткіштер ел экономикасының тұрақты өсуіне ықпал етіп отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылдың алғашқы төрт айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4,9 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай оң көрсеткіштер ел экономикасының тұрақты өсуіне ықпал етіп отыр. Нәтижесінде Қазақстан өсім траекториясын сақтап қалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 6,5 пайызды құрады. Оның ішінде нақты сектор 8,7 процентке, ал қызмет көрсету саласы 5,2 пайызға өскен. Жауапты органдардың мәліметінше, былтыр тікелей шетелдік инвестиция ең көп тартылған салалардың қатарында көтерме және бөлшек сауда көш бастады. Бұл бағытқа 4,8 млрд АҚШ доллары көлемінде қаражат құйылған. Ал Қазақстанға ең көп инвестиция салған ірі инвестор елдердің қатарында Нидерланд, Ресей және Қытай бар.

«Қазақстан экономикасы 10–15 жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда әртараптандырылған. 2010 жылы ЖІӨ құрылымындағы мұнай өндіру саласының үлесі 16,5% болса, 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру өнеркәсібінің үлесі 8,1%-ға дейін төмендеді. Тікелей шетелдік инвестициялар да осы үрдісті қайталап отыр. Бізде инвесторлар тарапынан да әртараптандыру жүріп жатыр. Олар енді тек кен өндіруге, металлургияға немесе мұнай-газ секторына емес, басқа да салаларға белсенді қызығушылық таныта бастады», – деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов.

Оқи отырыңыз: Жол, билет және инфрақұрылым - Үкімет туризмдегі негізгі түйткілдерді көтерді

Новости партнеров