Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барып, Ресей Федерациясының Көлік министрлігі және Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары қауымдастығының (АСМАП) басшылығымен кездесулер өткізді, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресей тарапымен келіссөздер барысында халықаралық автомобиль тасымалдарын дамыту, рұқсат беру жүйесін жетілдіру және көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
АСМАП өкілдерімен кездесу барысында екі елдің автотасымалдаушылары тап болатын проблемалық мәселелер, оларды шешу жолдары, сондай-ақ салалық қауымдастықтардың одан әрі өзара іс-қимылы қаралды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тасымалдаушылардың қажеттіліктерін ескере отырып 2027 жылға арналған рұқсат бланкілерімен алмасу көлемін алдын ала келісті, сондай-ақ 2026 жылға қосымша алмасу жөнінде уағдаласты.
Оқи отырыңыз: Шикізаттан дайын өнімге дейін: Қазақстан агроэкспорт әлеуетін арттыруда