ҰҚК Шекара академиясы аумағынан адам қаңқасы табылды

22.09.2024 10:32

Cгенерировано ИИ

Алматыдағы ҰҚК Шекара академиясы аумағынан адам қаңқасы табылды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде 21 қыркүйекте кешке пайда болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде адамның сүйектері табылғанын растады.

«Баяғыда көмілген адам сүйектерін табу фактісі бойынша Медеу ауданының полиция басқармасы тексеру шараларын қолға алды», – деді ведомстводан.

2024 жылдың тамызында Шығыс Қазақстан облысында сумен жабдықтау құбырларын төсеу кезінде ауыл әкімдігінің ғимаратына қарама-қарсы беттен адам сүйектері табылған еді.

Оқи отырыңыз: Петропавлда әскери қызметкер өзіне қол жұмсап көз жұмды