Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдерінің жетекші дәрігерлері мен сарапшылары дерттен айығу мерзімін қысқарту жолдарын талқылады
Алматыда туберкулезді емдеудің заманауи әдістеріне арналған халықаралық конференция өтті. Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдерінің жетекші дәрігерлері мен сарапшылары дерттен айығу мерзімін қысқарту жолдарын талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Іс-шарада аурудың асқынған түріне шалдыққан науқастарға арналған жаңа, жеңілдетілген 6 айлық курс таныстырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай заманауи тәсілдер емдеу уақытын едәуір азайтып, оның тиімділігін арттырады. Бүгінде Қазақстан бұл бағытта озық диагностика мен тиімді емдеу жүйесін белсенді енгізіп келеді.
«Біздің мақсатымыз – мұқтаж жандарға көрсетілетін көмектің сапасын арттыру үшін ұсынымдарды енгізуге қолдау көрсету. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бұл кеңестері толықтай дәлелді медицинаға сүйенеді. Сондықтан олар Қазақстан сияқты барлық мемлекеттер үшін қолдануға тиімді», – деді ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы туберкулез және дәріге төзімді туберкулез жөніндегі өңірлік кеңесшісі Асқар Еділбаев.¤
«Зерттеулердің арқасында 18 айға созылған ем ұзақтығы бүгінде 6 айға дейін қысқарды. Қазіргі уақытта емдеу мерзімін тағы да қысқартуға мүмкіндік беретін жаңа терапия түрлері клиникалық сынақтан өтіп жатыр», – деді халықаралық денсаулық сақтау саласының жетекші маманы Сандип Джунеджа (АҚШ).
Оқи отырыңыз: Алматыда дәрі-дәрмек сатып алуды оңтайландыру арқылы 15,8 млрд теңге үнемделді