Сотта 39 жастағы ер адамның тұңғышына сексуалдық сипаттағы әрекет жасағаны толық дәлелденді
Жетісу облысында туған қызын зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаға ұстатарлық жағдай биыл жазда әшкере болған. Белгілісі, ол өзінің 15 жастағы қызына 7 жылдан бері зорлық-зомбылық көрсетіп келген. Сотта 39 жастағы ер адамның тұңғышына сексуалдық сипаттағы әрекет жасағаны толық дәлелденді.
«Азаматқа Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Химиялық кастрация жасау үкім етілсін. Орта білімді ер адам жұмыссыз, 4 баланың әкесі. Өмір бойына педагогикалық салада жұмыс істеуге тыйым салынсын», – деді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бақыт Ермаханов.
Оқи отырыңыз: Екібастұзда 21 жасқа толмаған адамға алкоголь сатқан дүкен анықталды