Түлектердің кортежі: Жаңаөзен 100-ге жуық көлік айып тұрағына қойылған

Учаскелік инспекторлар мектептерде алдын-ала түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік талаптарын бірнеше мәрте ескерткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысында «Соңғы қоңырау» кезінде 236 автокөлік айыптұраққа қойылып, 400-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Тәртіп бұзушылар қатарында құжатсыз көлік басқарған мектеп бітірушілер, жол ережесін сақтамаған көлік жүргізушілері мен құжатсыз темір тұлпар тізгіндегендер де бар. Жаңаөзен қаласында кеше кортежге қатысқан  100-ге жуық көлік айып тұрағына қойылған. Ал жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Соңғы қоңырау іс-шарасы барысында, қоғамдық қауіпсіздікті барынша қамтамас ету мақсатында Жаңаөзен қаласы, ПБ, ППР күшейтілген бағытта жұмыстар жүргізуде. Іс-шара барысында жол қозғалыс ережелерін өрескел бұзған автокөліктер анық алып, нәтижесінде 98 автокөлік айыптұраққа жабылды», – деді Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция инспекторы Нұрлыбек Испанов. ¤

Айта кетейік, учаскелік инспекторлар мектептерде алдын-ала түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік талаптарын бірнеше мәрте ескерткен. Алайда жастар арасында дәстүрге айналған кортеж шеруі биыл да жалғасты. Қала көшелері мен жолдарда көлік қозғалысы қиындап, кептеліс болған.

Сонымен қатар әлеуметтік желіде тараған бейнематериалдар зерделеніп, әрбір дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматылық оқушы жер сілкінісін жасанды интеллект көмегімен тәулік бұрын болжамақ

 

Новости партнеров