Тұңғыш рет кітапханашы ақындар арасында жыр мүшәйрасы өтті

Мәдениет және ақпарат министрінің баспасөз қызметі
Мәдениет және ақпарат министрінің баспасөз қызметі

Ақтық сында 75 қатысушы өзара бақ сынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы тұңғыш рет кітапханашылар мен  кітапхана саласында қызмет ететін ақындар арасында «Абайдың алып айдыны» тақырыбында республикалық жыр мүшәйрасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv

Іс-шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына  арналып өткізілді. Байқаудың мақсаты – мәдениет пен әдебиетті, ұлттық ғылым мен өнерді қолдау, кітапхана мен кітапханашы еңбегін насихаттау.

Жыр додасына еліміздің түкпір түкпірінен 100-ге жуық үміткер өтінім жіберіп, ақтық сында 75 қатысушы өзара бақ сынады.

Жыр мүшәйрасының жүлдегерлері мен арнайы номинация иелеріне арнайы ақшалай сыйлықтар мен дипломдар, «Абай – 180 жыл» мерейтойлық төсбелгілері табысталды.

Оқи отырыңыз: Алматыда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған 120-дан астам іс-шара өтеді

Новости партнеров