Түнгі уақытта велосипед ұрлауды кәсіп қылғандар ұсталды

15.04.2026 16:56

Полиция азаматтарды жеке мүлкіне мұқият болуға шақырады

polisia.kz

Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері велосипед ұрлығының бірқатар дерегін ашты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, түнгі уақытта екі күдікті қараусыз қалдырылған велосипедтерді жасырын түрде ұрлап отырған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың сегіз бірдей ұрлық дерегіне қатысы бары анықталды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды жеке мүлкіне мұқият болуға шақырады. Велосипедтерді қараусыз қалдырмай, арнайы құлыптау құралдарын қолдану қажет.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Түркия 4 млрд доллардың бірлескен жобаларын іске асырып жатыр