Алайда абырой болғанда қыз бала есін жиып, аман қалған
Оралда кәмелетке толмаған қызға шабуыл жасады деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы мәлімдеді Almaty.tv.
Оның айтуынша, 2 күн бұрын әлеуметтік желілерде Зачаганск шағынауданында ер адамның 10 жастағы жеткіншекті зорлап, артынша оның өмірін қиюға әрекеттенгені жөнінде ақпарат тараған. Қаскүнем қызды тұншықтырып, жан тапсырды деп ойлап, орманға тастап кеткен. Алайда абырой болғанда қыз бала есін жиып, аман қалған. Ол дереу ата-анасына қоңырау шалып, басынан өткен сұмдықты жеткізген. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.
«Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балаға қатысты құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Болған оқиғаның барлық мән жайы анықталатын болады. Балаларға қатысты жасалған қылмыстар ерекше бақылауда болатынын және ең қатаң жазаланатынын атап айтқым келеді», – деді БҚО Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев.
Оқи отырыңыз: Алатау қаласында заңсыз берілген жер учаскелері мемлекетке қайтарды