Тұрғындар үйге жиналатын қаражаттың қайда, қалай жұмсалып жатқанын бақылай алады

28.07.2025 21:15

Елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты маңызды заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Енді көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың тек екі тәсілі бар. Сондай-ақ тұрғындар үйге жиналатын қаражаттың қайда, қалай жұмсалып жатқанын бақылап, ашық түрде көре алады. Заңнамаға қандай өзгерістер енді? Жаңа талаптар нені көздейді? Осы және өзге де маңызды сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы «Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту және жаңғырту орталығы» басқарма төрағасының кеңесшісі Марғұлан Әбдікәрімов жауап береді.

– Марғұлан Жеңісұлы, көпқабатты тұрғын үйлерді басқарудың жаңа тәртібі жайлы толығырақ айтып өтсеңіз?

«Мемлекет басшысы тұрғын-үй қатынастары заңының шеңберінде өзгерістер пен толықтыруға қол қойды. Оның ішінде біраз өзгерістер басқару нысандарына байланысты. Яғни осы күнге дейін үш нысан белгіленген. Оның ішінде мүлік үлестігі, жай серіктестік және тікелей басқару. Ал 4-5 жылдың ішінде тұрғын үй қатынастарының ішінде «жай серіктестік» басқару нысаны жақсылығын көрсете алмады. Қала бойынша 2 басқару нысаны алып қалды. Мүлік иелері бірлестігі және тікелей басқару. Пәтер иелері кооперативтері 1997 жылы қол қойылған заңмен жұмыс істеп келеді. Пәтер иелері кооперативтері тұрғын үй саласында жұмыстарын жалғастырамыз деген ойы болса, заң қолданысқа енгізілгеннен кейін бір жыл ішінде қайта тіркеуден өтуі керек. Бастамашы топ ретінде құрылтай жасап, бастамашы топтың хаттамасын толтырып, пәтер иелері кооперативтерін жаңадан тіркеуге мүмкіндігі бар».

– Жаңа заңға сәйкес, «Бір үй – бір есепшот» қағидасы енгізілген. Бұл өзгерістің басты мақсаты қандай?

«Жаңа заңда нақты көрсетілген. Жаңа айтып кеткендей, басқару нысандары – мүлік иелері бірлестігімен тікелей басқару. Ал басқарғыш субьект ретінде танылып отырған пәтер иелері кооперативтері және басқарушы компаниялар. әрбір үйдің атына бөлек есепшот ашу міндетті. Бұл нақты жазылған. Бірінші  есепшот ағымдағы жөндеуге, екінші күрделі жөндеуге арналған есепшот. Ол ашылмаса тұрғын үй инспекция әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкіндігі бар. Бұрын пәтер иелері бір есепшотты ашып, жұмыс істеген».

– Қоғамда жаңа заңның енгізілуі жалдамалы пәтерлердің бағасының өсуіне себеп болуы мүмкін деген алаңдаушылық бар. Бұл пікірмен келісесіз бе? 

«Иә, бұл жалдамалы пәтер. Пәтер иесі және  пәтер жалдаушы ортасындағы келісімшартқа байланысты баспана бағасын көтеру немесе төмендету деген ешқандай көзделген норма жоқ»

Оқи отырыңыз: Балалар арбасы, самакот: Көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде қойылатын заттарға айыппұл салынады