Тұрғындар ұсынысы ескеріледі - Сенат депутаты Алматының Бас жоспары жобасын талқылау туралы

26.12.2025 18:06

Бас жоспар алдағы бес-он жылда қаланың одан әрі даму траекториясын анықтайды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Алматы қаласының Бас жоспар жобасын түзетуге арналған қоғамдық талқылауға қатысты, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.

Парламенттің жоғарғы палатасының депутаты тұрғындар мен қоғам қайраткерлері көтерген бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайтынын айтты.

«Талқылау үшінші күн қатарынан өтіп жатыр. Көптеген қала тұрғыны Бас жоспармен реттелмейтін жеке мәселелер бойынша келетіні түсінікті, бірақ қала әкімдігі барлық ұсыныс пен ескертуді қарастырады. Оларға толыққанды жауап беріледі», – деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Ол Бас жоспар алдағы бес-он жылда қаланың одан әрі даму траекториясын анықтайтынын атап өтті.

«Бұған дейін бұл жоба мәслихат және Мәжіліс депутаттарына, қоғамдық кеңес мүшелеріне ұсынылған болатын. Әрине, үш күндік қоғамдық талқылаумен жобаны жетілдіру жұмысы аяқталмайды. Бұл күрделі іс, жұмыс әрі қарай жалғасын табады», – деді сенатор.

Оқи отырыңыз: «Батыс» полиорталығы: Алматының 2040 жылға дейінгі даму бағыты қандай