Түркі апталығы: «Қазақконцерт» әртістері Венада өнер көрсетті

23.01.2026 13:39

Концертке Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің өнерпаздары қатысты

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұжымы Аустрияда өткен «Түркі апталығында» өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белгілі хореограф Әнел Марабаева «Аққу» биін билесе, дарынды опера әншісі Әйгерім Алтынбек «Алқоңыр» әнін орындады. Сонымен қатар қазақстандық «Temirlan & Yernat»  тобы «Аlem» күйін орындады.

Бұл мәдени іс-шара Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) қызметін таныстыру аясында ұйымдастырылды. 

Апталықта түркі халықтарының бай мәдени мұрасы, ұлттық музыкасы мен би өнерінен сыр шертетін әсерлі қойылымдар көрсетілді.
«Түркі апталығы» аясында ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің шығармашылық ұжымдары қатысқан концерттік бағдарлама өтті.

Концертке Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің өнерпаздары қатысты.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілер саны екі есеге азайды

Теги: концерт