Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда
Алматы қаласының халықаралық әуежайында ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 67 интернет-алаяқтық фактісі бойынша Түркияның құқық қорғау органдарымен халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сату туралы жалған интернет-жарнама арқылы жәбірленушілерді алдап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда", — делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Оқушыларды соққыға жықты: тергеу амалдары жүргізіліп жатыр