5 қаңтарда Президенттің кең көлемді сұхбаты жарияланады

02.01.2026 12:27

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорданың баспасөз қызметі

5 қаңтарда баспасөз бетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарияланады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"5 қаңтар күні «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған басылымның бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланады", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Көлік инфрақұрылымын жаңғырту: Қазақстанда теміржол саласында не өзгереді